Ғани Қайназаров Қазақстан футбол федерациясында жаңа қызметке тағайындалды

24 желтоқсанда Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті.

Футбол маманы Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Ғани Әділханұлы бұл қызметін 2016-2017 және 2022-2024 жылдары атқарған болатын. 

Оның басшылығы кезінде Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді: 2016 жылы команда ФИФА рейтингінде рекордтық 83-орынға көтеріліп, ұлттық құраманың тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 

Ал 2023 жылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 18 ұпай жинап, жаңа рекорд орнатты. Футболшы кезінде Ғани Қайназаров "Тараз", "Қайрат" және Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін "Тараз" және "Астана" футбол клубтарында жетекшілік қызметін атқарды. Айта кетейік, бүгін, 24 желтоқсанда Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.