«Бұрынғымен салыстырасың»: Алтынай Жорабаева күйеуінің қамқорлығы туралы айтты

Алайда ел алдында күйеуін мақтағаны кейбір әйелдерге жақпай қалған.

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі өзіне қамқорлық жасайтынын айтып, мақтады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі күйеуі барлық жағдайын жасап қоятынын, мұны өзінің міндеті санайтынын жеткізді.

“Көлігімнің майын ауыстырып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді. “Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді” деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдей мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Бұл кісінің табиғаты сондай. Бірақ “Бұрынғымен салыстырасың, “қандай болдым” деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес. Кейде өзінен де сұраймын: “Неге осылардың бәрін өзің жасайсың, маған неге жасатқың келмейді” деп. “Мұндай тірліктер менің еркек ретіндегі міндетім. Менің қалауым. Өзім осындай қамқорлық жасағаннан ләззат аламын. Кім не ойласа да – ол оның ойы” деді. Осындай сөздеріне қуанамын”, – деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.