Танымал блогер Елдос Кәдірханов ота жасап, сәбилі болуға қамданып жатқанын мәлімдеді.
Қаншама жыл дәрігерден "өкінішке қарай" деген жауап естіп келдік: Елдос "Колобок" жақсы жаңалығын айтты
129
оқылды

Желі жұлдызы аурухана төсегінен сәлем жолдап, қолдау білдірген халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

“Аллаға шүкір, ең қиын отадан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден "өкінішке қарай" деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге жетейік", – деп жазды блогер.