Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, бұдан бөлек ұшақта 37 Әзербайжан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.
Ақтау маңында құлаған ұшақта алты қазақстандық болған
364
оқылды

Ақтау маңында құлаған ұшақта 6 Қазақстан азаматы болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша, бұдан бөлек ұшақта 37 Әзербайжан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

"Ұшақ апатынан 25 адам аман қалды. 22 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Кейбіреуінің жағдайы ауыр",  – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында ұшақ құлағаны хабарланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.