Ақтау және Астана қалаларында «AMANAT» партиясының қызметкерлері мен белсенділері Баку-Грозный бағытындағы ұшақ апатында қаза тапқан жандардың рухына тағзым етіп, зардап шеккен адамдарға қажет қан тапсыруда.
«AMANAT» партиясының мүшелері ұшақ апатынан қаза тапқан жандардың рухына тағзым етті
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен алынды
152
оқылды

Партиялықтар Астана қаласында Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Eлшілігі және Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы ғимараттарына жиналып, гүл шоқтарын қоюда.

– «Ұшақ апатының салдарынан бауырлас Әзербайжан елінің азаматтары қаза тапқандығы туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдадық. «AMANAT» партиясы және жеке өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Әзербайжан халқына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақ пен Әзербайжан халықтары ежелден бір-бірінің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген тағдыры да, табиғаты да ортақ бауырлас елдер. Бұл қайғы бәрімізге ортақ. Алла өткендерге иман, қалған ел-жұртқа сабыр берсін. Марқұмдардың жаны жәннатта болсын!», – деді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Мұхаммед Болысбек.

 

Ақтау қаласында да партияластар мен жас белсеңділер Әзербайжан Республикасының Бас консулдығы ғимараттарына жиналып, қаза тапқан жандардың рухына тағзым жасады.

Еске сала кетейік, бүгін Ақтау қаласының маңында Баку-Грозный бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ Үкімет қаулысымен ұшақтың апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.