Осыған байланысты Ақтаудағы мәйітханада құлаған ұшақтың қаза тапқан жолаушыларына арналған шатырлар орнатылды.
Lada.kz хабарлауынша, шатырлар 1 шағынауданда орналасқан мәйітхана маңында орнатылған. Онда Баку-Грозный рейсінің қайтыс болған жолаушылардың мәйіті жеткізіліп жатыр. Жергілікті әкімшілік мәйітханада орын болмауынан осындай шешім қабылдады.
Оқиға орнына ең әуелі "Маңғыстау электр тарату компаниясы"АҚ энергетиктері көмекке барған. Олар сол маңдағы 30 шақырым жерде орналасқан Сайын Шапағатов ауданындағы қосалқы стансада жұмыс істеп жүрген. Солардың жедел көмегінің арқасында ұшақтың құйрық жағында болған 15 шақты адам құтқарылған. Сонымен қатар олар жедел жәрдем келгенше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп үлгерген.
Қайғылы оқиғаға байланысты қаладағы жаңажылдық шырша жағу шарасы өтпейтін болды. Бұған дейін қаланың 15 шағынауданының жағасында қала тұрғындарының қатысуымен жаңажылдық шырша жағылмақ болған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олар бүгін өтуге тиіс болған рәсім кейінге қалдырылғанын жеткізді.