Таңертең Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады.
Ақтауға Әзербайжаннан құтқарушылар келді
Фото: ТЖМ
138
оқылды

Ақтауға Әзербайжаннан құтқарушылар келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іздеу жұмыстарына кинологиялық есептоптар жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтауға Әзербайжаннан құтқарушылар келді. Осы минуттарда жедел желі телефондарына барлығы 629 қоңырау түсті.

Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзербайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 2 адамның азаматтығы анықталып жатыр.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев және Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ үкіметтік комиссия мүшелері ТЖ орнына келді. Сонымен қатар Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаладдин Фаттах оглы Гейдаров ТЖ орнында.

Жедел байланыс үшін Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді.  Жедел желі нөмірлері:

  8-7172-55-96-21

  8-7172-55-96-83

  8-7292-31-90-91

  Оған 571 өтініш түсті.

Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Оқиға салдарын жоюға 490 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есеп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды.

ТЖМ кинологиялық қызметі іздеу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан, Ресей және Әзербайжан ТЖМ бейнеконференцбайланыс режимінде  үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, ақпарат алмасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.