Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көмек көрсетуді өз бақылауына алды.
Бозымбаев қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көмек көрсетуді өз бақылауына алды
397
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтауда ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтып берді.

Оның айтуынша, жазатайым оқиға салдарынан Қазақстанның алты азаматы қаза тапты. Асыраушысынан айырылған жандардың отбасына әлеуметтік қорғау мақсатында қазір марқұмдарға қатысты әлеуметтік мәртебе анықталып жатыр.

– "Осы жұмыстың нәтижесінде қаза тапқандардың отбасына еңбекке жарамсыз жандарын есепке ала отырып, республикалық бюджеттен әлеуметтік көмектің қажетті көлемі белгіленеді. Сөйтіп, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленеді. Егер жұмыс істейтіндері болса МӘСҚ-нан әлеуметтік төлем жасалады. Оған қоса, жергілікті атқарушы органның ұйғарымымен қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі", – деді вице-министр.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде төртеуіМаңғыстау облысының тұрғыны, біреуі Қостанай облысының тумасы және елорданың бір тұрғыны екенін атап өтті.

– "Барлық өңірлермен тиісті жұмыс жүргіземіз. Олардың отбасына, оның ішінде мәйітті жеткізу, жерлеу бойынша қажетті көмек 100% көрсетіледі. Бұдан басқа, заң бойынша барлық тиісті төлемдер және ЖАО желісі бойынша басқа да көмек толық көлемде және дереу жүргізіледі. Бұлменің жеке бақылауымда. Кейбір қаза тапқандарға ДНҚ сараптамасы қажет. Олардың мәйітін анықтау мүмкін емес, бет-әлпеті адам танығысыз", деді Бозымбаев.