«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қызметкерлеріне арналған вебинар өтті.
Тұрғындарды алаңдатқан сауалдар
117
оқылды

Онда «AMANAT» партиясының Сай­лауалды бағдарламасын іске асыру тәжірибесінде жобалық менеджментті қолдану мәселесі жан-жақты талқыланды. 

Басқосуға партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары және қызметкерлері қатысты. 

Тәжірибелі тренер әрі ментор Татьяна Хасанова өткізген іс-шарада партия қызметкерлері жобалық басқарудың тетіктерін талдап, таразылады. 

Күнделікті атқарылып жатқан жұ­мыстарды мысалға ала отырып, сайлауалды бағдарламаның индикаторлық көрсет­кіштеріне қол жеткізудің тиімді әдістері мен озық үрдістерін баяндады.

Жұмысты ұйымдастырудың үздік үрдістері партияның Орталық аппараты мен аумақтық құрылымдары арасындағы байланыстарды сапалық тұрғыда жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беріп, cайлауалды бағдарламада көзделген міндеттердің орындалуын жаңа сипатта үйлестіруге жол ашады.

Вебинар қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлер өздерін толған­дырған сауалдар бойынша пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылады.