Бұзақылар өлтіріп кетті: Алматыда 20 жастағы боксшы көз жұмды

Кәсіби кикбоксшы Әли Серікті пышақтап кетті.

Оқыс оқиғаның салдарынан жас спортшы қаза болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Серік Әли бұзақылар қолынан көз жұмған.

«Алматыдан суыт хабар жетті. Муай-тайдан ересектер арасында чемпион Серік Әли бұзақылар қолынан қаза болды. Чемпионның жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазылған Муай-тай федерациясы жариялаған хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған.

Марқұм спортшы бар болғаны 17 жасында ересектер арасында муай-тайдан ең жас чемпион болған.