Астанадан Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы келіп қонды. Бұл туралы Аikyn.kz Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобильдік бригадасы да келген.
Қазір зардап шеккеннің 27-сі Маңғыстау көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Оның 11-і жансақтау бөлімінде. Облыстық балалар ауруханасына келіп түскен 11 және 16 жастағы екі балаға операция жасау жоспарлануда. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексеріп қана қоймай, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.