Ақтаудағы брифингте апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағына қатысты соңғы мәліметтер жарияланды.
Көлік министрі ұшақ бортындағы 6 қазақстандық қаза тапқанын айтты
501
оқылды
Айтуынша, марқұмдардың денесін туыстары анықтау және тергеу жұмыстарынан кейін ала алады.
 
«67 адам бортта болған, оның бесеуі экипаж мүшесі. Барлығы 38 адам қаза тапты. Марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сағат 11:28-де ұшақпен байланыс үзіліп кеткен. Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының бәрі қаза тапты», – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
 
Оның айтуынша, марқұмдардың денесін туыстары анықтау және тергеу жұмыстарынан кейін ала алады.
 
Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев оқиға аймағында болған баспасөз мәслихатында қаза тапқан қазақстандықтардың қай жақтан екенін айтты.
 
– Қаза тапқан 6 Қазақстан азаматының төртеуі Маңғыстау облысының тұрғыны. Одан бөлек, бір азамат Қостанай облысынан және біреуі Астана қаласының тұрғыны, – деді Қанат Бозымбаев.