Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын айтады. Журналист олардың дос екенін және ол 10 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын мәлімдеді.
“Сенгім келмейді, тірі қалды деп ойлаймын. Алла сақтасын! Гауһар екеуіміздің өте көп жоспарымыз бар еді. Кішкентай Эльдар анасының жанында болған”, – деп жазды Санди Сұлтан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.