«Бұрынғы күйеуі денесін алуға кетті»: Динара Сәтжан ұшақ апатынан қаза тапқан нотариус туралы айтты

Тележүргізуші Динара Сәтжан Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы Эльдар Жұмағатқа қатысты жазба жариялады.

Тележүргізуші Динара Сәтжан Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы Эльдар Жұмағатқа қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Мен Астана нотариаттық палатасының төрайымы Әйгерім Айкешевамен сөйлестім. Оның айтуынша, өткен жексенбіде марқұммен олар нотариустармен бірге жаңажылдық кеште бірге болған. Гауһар әріптестеріне кіші ұлымен бірге Жаңа жылды қарсы алу үшін Грозныйдағы отбасылық достарына ұшып бара жатқанын айтқан. Астанадан Грозныйға тікелей әуе рейсі болмағандықтан, олар Баку арқылы ұшқан. Гауһардың Аустралияда оқитын үлкен ұлы бар еді. Ол енді ғана елге ұшып келгендіктен, Астанада қалған.  Ал Гауһардың анасы қайғылы оқиға жайлы әлі білмейді. Гауһардың бұрынғы күйеуі мен көмекшісі марқұмдардың денесін алып кету үшін Ақтауға ұшып кеткен", – деп жазды журналист Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін астаналық нотариустың ұлымен бірге ұшақ апатынан қаза тапқаны хабарланды.