"Алтауы реанимацияда": ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Олардың бірі Әзербайжан азаматы екені белгілі болды.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30-дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациенттер ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі белгілі болды, Әзербайжан азаматтығы анықталды.

Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келді. 

Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.

​Бүгін, 26 желтоқсан күні таңертең Астана уақытымен сағат 08:30-да Ресей Федерациясының ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортында Ресей Федерациясының азаматтары эвакуацияланды.

​Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас бақылауда, оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.