“Istedim” әні арқылы танымал болған Роза Зергерлі Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концертінің өтпейтінін айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады.
«Ұшақта құрбымның ұлы болды»: әзербайжандық әнші қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: видеодан алынды
4,999
оқылды

“Istedim” әні арқылы танымал болған Роза Зергерлі Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концертінің өтпейтінін айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Құрметті, оқырман! Ұшақ апатынан қазақ тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Менің Қазақстан өңіріне концерттік турым басталатын еді. Бірақ мен бәрінен бас тарттым. Атыраудағы концертімді де болдырмадым. 1500 адамның алдына шығып ән айтпадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Бұл орны толмас өкініш пен трагедия. Ұшақта менің құрбымның ұлы да болды. Өзімнің жерлестеріме және қазақ, орыс, қырғыз, грузин бауырларыма көңіл айтамын. Менің қабылдаған шешіміме түсіністік танытасыздар деп ойлаймын. Мені қолдаған барлық тыңдарманға алғыс білдіремін”, – деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың ішінде астаналық нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның ұлы болғанын хабарлаған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.