Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған Embraer 190AR жолаушылар ұшағын Игорь Кшнякин мен Александр Калянинов басқарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Әуе кемесінің капитаны – Игорь Кшнякин. Ресей азаматы. Ол көп жылдық тәжірибесі бар маман, әуеде 15 мың сағаттан астам ұшқан. Оның ішінде 11 200 сағат – капитан лауазымында.
Ресей БАҚ-ның мәліметі бойынша командир әуедегі жағдайға байланысты Ақтаудағы қосалқы айлаққа баруға шешім қабылдаған.
Ал ұшақты тізгіндеген ұшқыш – Александр Калянинов. Ол – Баку еуропалық лицейінің түлегі.
Әзербайжан БАҚ-ның хабарлауынша, жас ұшқыш қызмет барысында ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Калянинов лицейде білім алу кезінде үздік студенттердің бірі болған. Қайғылы оқиғадан кейін ол түлеп ұшқан лицей Каляниновтың отбасы мен жақындарына көңіл айту хатын жолдады. Онда «ұшақ даусын естіген сайын Александрды еске аламыз» делінген.