Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасай отырып Аikyn.kz сайты хабарлайды.
Олардың хабарлауынша, Azerbaijan Airlines компаниясының апатқа ұшыраған әуе кемесінің қызметкері соңғы сәтке дейін жолаушыларды сабыр сақтауға шақырған.
– Ұшқыштарға жақын тұрған бортсерік жағдайдың ушығып тұрғанына қарамастан соңына дейін өз міндетін абыроймен атқарды. Әсіресе, әйел адам үшін мұндай кезде сабыр сақтау өте қиын ғой. Ал ол әзербайжан тілінде жолаушыларды даурықпай, сабыр сақтауға шақырды. Соның айтуымен орындыққа сүйеніп, мықтап ұстап отырдым, – деді Рахимов.