Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына төлейтін өтемақы мөлшерін «Әзербайжан әуе компаниялары» ЖАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Компания мәліметінше, әрбір жәбірленуші 20 мың манат (6 миллион теңгеден астам), ал әр қаза тапқан адамның отбасы 40 мың манат (шамамен 12 миллион теңге) алады.
«Әзербайжан әуе компаниялары» ЖАҚ Бақылау кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 25.12.2024 жылы апатқа ұшыраған Баку-Грозный J2-8243 рейсін орындаған «Әзербайжан әуе компанияларына» тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында болып, зардап шеккендердің әрқайсысына 20 мың манат, ал қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 40 мың манат мөлшерінде өтемақы төлейді. Сонымен қатар, барлық жолаушылар Әзербайжан Республикасының заңнамасына және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Оның ішінде 6 Қазақстан азаматы болған.