Айнұр Қайратқызы есімді блогер "Жаңа жылыңмен" деп құттықтау және құттықтауға жауап беру жайлы айтып берді.
Оның айтуынша, мұсылмандарға жаңа жылды тойламақ түгілі, оны айтудың өзі күнә.
– Егер мұсылман біреуді жаңа жылыңмен деген сөзбен құттықтайтын болса, онда ол күнә болады. Бірақ, күпірлікке түспейді, ол діннен шықпайды. Егер біреу «жаңа жылыңмен» деп құттықтайтын болса, оған «рахмет, өзіңе де» деп, жауап беруге тыйым салынады. Себебі, шариғатта күнәға алғыс білдіру – күнә. Оның орнына «саған барлық жақсылықты тілеймін» деп, жауап берген дұрыс. Сондай-ақ, жаңа жылдың құрметіне бір-біріне сыйлық беру, жаңажылдық мерекелерге балаларды қатыстыру, үйге шырша ілуге — шариғатта рұқсат жоқ. Біз исламның мерекелерімен жүруіміз керек, – дейді Айнұр Қайратқызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram