Сотталушы жәбірленушінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, оны бірнеше рет психотроптық заттарды тұтынуға көндiрген.
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды
Фото: istockphoto.com
298
оқылды

Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша тағы бір айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Н.-ға қатысты кәмелетке толмағанды психотроптық заттарды тұтынуға көндіру фактісіне қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды (ҚК 299-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы).

Сотталушы жәбірленушінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, оны бірнеше рет психотроптық заттарды тұтынуға көндiрген.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім беретінін, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап ҚК-нің 299-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

ҚК-нің аталған бабының санкциясы 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен сотталушы ҚК 299-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.