ҰҚК үш қазақстандықты қамауға алды

Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды.

20 желтоқсанда ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды.

Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.

Бұған дейін, биыл қарашада ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.