Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы өлім аузынан аман алып қалған.
Жақсылық жасау – жас талғамайды
305
оқылды

Жақсы адамдар жанымызда жүр. Солардың бірі – бес жасар баланы аман алып қалған Астана қаласындағы №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов, – деп хабарлайды Aikyn.kz

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды. Ақан Әкімжанов – көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін ойланбастан жасағанын айтты.

Анасының айтуынша, Ақан өзінің іні-қарындастарына қамқор. «Төрт ұл бір қызым бар. Ақан інісі мен қарындасының сабағын оқытып, балабақшадан әкеліп, үлкен адам сияқты ағалық қамқорлық танытып жүреді», – дейді анасы.

Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«Бүлдіршіннің 4-қабаттан құлағалы тұрғанын көрген сәтте сумкамды тастай салып жүгірдім. Жедел сатымен жылдам көтеріліп, баланы құтқарып үлгердім. Бала анасын іздеп балконға шығып кетіпті», – дейді Ақан Әкімжанов.