Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 27 желтоқсан күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚХР төрағасы жеделхатында Ақтау маңында Әзербайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдағанын айтты.
Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.