Қазақстанда ұшақтар мен әуежайларға тексеріс басталды. Бастапқы жұмыстар Ақтау, Алматы және елордада жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы еліміздің Бас авиация инспекторы Жанат Әбдіғалымов хабарлады. Оның айтуынша, ең бірінші кезекте жолаушылары көп әуежайлар тексеріледі. Әсіресе ұшу, авариялық-құтқару және орнитология жағынан қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, экипаж құрамы да назарда болады.
Айта кетейік, биыл елде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 900-ден астам тексеріс жүргізілген.