Әнші Ернар Айдардың әкесі Жаңабай Айдарұлы өмірден өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы ақын Олжас Отар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Берік, Бейбіт, Талғат, Ернар Айдар бауырларым Жаңабай көкемнің иманы саламат болсын. Жатқан жері жаннаттың төрі болсын», - деп жазды ақын.
Айта кетейік, өнер иесі 2021 жылы әкесінің 60 жас мерейтойына қымбат көлік сыйлаған болатын.