ІІМ «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жамбыл облысында шөп астынан 100 келі марихуана табылды
192
оқылды

Жамбыл облысының Шу қаласында шөп астынан 100 келі кептірілген марихуана табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Бұл қызметкерлердің бірі уақытша тұрған шаруа қожалығының аумағында жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында анықталды. Жауап алу кезінде ол есірткінің шаруа қожалығының иесіне тиесілі екенін түсіндірді. Оның өзі бұған дейін Қарағандыда есірткі заттарын ірі көлемде сақтады және тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілі Медет Смағұлов.