Роза Әлқожа туған сіңлісіне естен кетпес тосынсый жасады

Әнші сіңлісінің қуанышын бөлісіп, көпшілік алдында оған естен кетпес тосынсый жасады.

Танымал әнші Роза Әлқожа туған сіңлісі Бибі-Айшаға дүбірлі той кезінде тосынсый жасап, өз жанұясының атынан көлік сыйға тартты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, сіңлісінің қуанышында көпшілік алдында оған естен кетпес тосынсый жасауды ұйғарған. Әнші өз отбасының атынан сіңлісіне көлік сыйлады. Бейнежазбада Роза Әлқожаның туғанына темір тұлпардың кілтін табыстап жатқанын көруге болады. Шоу-бизнес жұлдызының сіңлісі мұндай сыйлықты күтпей, қатты таңғалып қалған.

"Айшамызды дұрыс ұзата алмадық. Дамир күйеубаламыз алып қашып кетті. Айдын екеуміз жас отбасы болдық, ол кезде ата-ана болмақ түгілі, отбасы болуды үйреніп жүрген кезіміз. Бибі-Айша бізбен бірге бар қызықты бөлісіп, бізден тәрбие алды. Енді, міне, көпбалалы жанұя болып отыр. Төрт баласын өзі тасып жүрсін деп отбасымыздың атынан Айшаға автокөлік сыйға тарттық. Тойларың тойға ұлассын! Әр жанұя өсіп-өніп, ұл-қызының қуанышын тойлай берсін! Барлық сіңлі, бар бауыр махаббатқа лайықты", – деді Роза Әлқожа.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)