Бұл туралы Аikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 29 желтоқсанда Ташкенттен Астанаға ұшқан рейсте бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап кеткен. Осы кезде ұшақ бортындағы жолаушылардың арасында дәрігер болған. Павлодарлық анестезиолог-реаниматолог Мұрат Сүлейменов науқасқа дереу медициналық көмек көрсеткен.
Оның жолаушыға көмектескені жайында қарағандылық блогер Денис Денский Instagram-парақшасында жазған. Ол дәрігер досының науқас әйелге бір сағат күтім жасағанын айтты. Экипаж өкілдері мен Мұрат Сүлейменовтің кәсіби жұмысы арқасында жолаушының жағдайы айтарлықтай жақсарған.
Министрлік мәліметінше, Мұрат Сүлейменов Павлодар теміржол ауруханасында – анестезиолог. Ол денсаулық сақтау саласында 28 жыл бойы жұмыс істеп келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram