Ақынның айтуынша, марқұм ұлы достарының түсіне кіріп, әкесіне баруын сұраған.
«Әкеме барыңдар»: Серікзат Дүйсенғазы марқұм ұлының достары іздеп келгенін айтты
Фото: facebook.com/serikzat.dusengazi
16,490
оқылды

Белгілі айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазы қайтыс болған үлкен ұлын есіне алып, жазба жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ақынның айтуынша, марқұм ұлы достарының түсіне кіріп, әкесіне баруын сұраған. Марқұмның әкесі баласының достарымен мешітке барып құран бағыштап қайтқан.

"Бүгін марқұм Әлихан батырымның сыныптас достары Ерасыл мен Бексұлтан мені жұмысқа іздеп келіпті. Айтуларынша, Әлихан түсіне кіріп "әкеме барыңдар" депті. Сосын екеуін ертіп Әлихан Құранның әліпбиін үйренген "Әзірет Сұлтан" мешітіне бардық. Достарына баламның дін ілімін оқыған бөлмелерін көрсетіп, рухына Құран бағыштадық. Ерасыл Астана IT университетінде инженерлік мамандықта, Бексұлтан Астана Медицина университетінде хирург мамандығында бірінші курста оқып жатыр. Әлиханымның жетпеген биігін осы балапандарға нәсіп етсе екен деп Алладан тілеймін! Достарын ұмыта алмай жүр ғой, айналайындар", – деп жазды ақын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.