Өнер иесінің келіні Аяулым Жорабаева су жаңа пәтерге рум-тур жасады.
«Екі бөлме киім, үлкен шкафта тек алтындар»: Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйлаған пәтер қызу талқыға түсті
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva
5,275
оқылды

Желіде әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі сыйлаған жаңа үйі қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Өнер иесінің келіні Аяулым Жорабаева су жаңа пәтерге рум-тур жасады.

“Қайын әпкеме ағамның арнайы алып берген пәтері. Әпкем әрең рұқсат етті. Блогер болғасын оқырмандарыма көрсетуім керек деп айттым. Асүй бөлмесі жоқ пәтер. Тек әпкемнің киімдері мен сахналық образдары ғана тұрады. Бір бөлмесі екінші бөлмесіне ұқсамайды. Бір бөлме аяқкиімі бар. Екі бөлме киімге толып тұр. Мына бөлмеде тек алтындары тұрады. Жатын бөлме ғана бар. Бәрімізге осындай пәтер жұғысты болсын!”, – деп жазды блогер Аяулым Жорабаева. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің пәтерін қызу талқылап жатыр. 

“Пәтер емес, киім дүкені сияқты”, “Бәрімізге осындай үй жұғысты болсын”, “Алтынайдың өзі 180 шаршы метр деп айтқан жоқ па?!”, “Асүй болмаған біртүрлі екен”, "Көріп күліп алайық.. күлсең басыңа келеді дейді", – деп жазды көпшілік. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.