Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының маңында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 31 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:04-те (Астана уақыты бойынша 14:04) Қырғызстан аумағында күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы Арсы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым, Семіз-Бел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанның бірнеше елді мекенінде жер сілкінісі сезілді:
- Арсы ауылы – 3 балл,
- Семіз-Бел ауылы, Кочкор, Қара-Тоо, Ақ-Жар – шамамен 3 балл.