Әнші Роза Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқапов жазған әнді өңдеп, қайта жарыққа шығарғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Ол бұл әнді марқұм күйеуі тұңғыш ұлы дүниеге келгенде жазғанын айтты.
«Тұңғышымыз Әли дүниеге келгенде, Тасқын осы әнді арнап жазып еді… Енді, міне, немерем Зейін дүниеге келген соң, атасының әнін қайта өңдеп, жаңашалап шығардық», – деп жазды Роза Рымбаева.