"Менің атым Қожа" фильмі арқылы көпшілікке танылған актер Нұрлан Сегізбаев киноның жаңа нұсқасында Қожаның рөлін сомдаған Айқын Елубаймен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Екі «Қожаның» кездескен сәтінің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Жұрт екі актердің ұқсастығына таңданысын жасырмады.
"Қалай бір-бірінен айнымайды", "Түрлері де, жүрістері де ұқсайды", "Нұрлан ағаның бала кезі ғой тура", "Тарихи сәт, екі Қожа кездесті", "Қалай бір-біріне қатты ұқсайды", "Адамдар осыншалықты бір-біріне ұқсауы мүмкін екен ғой", – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.