Қазақстандық сержанттар алғаш рет АҚШ-та өткен «Үздік жауынгер-2020» сайысында бақ сынады
Қазақстандық сержанттар алғаш рет АҚШ-та өткен «Үздік жауынгер-2020» сайысында бақ сынады
261
оқылды
Барлық сайыс 8 кезеңнен тұрды, онда әскери қызметшілер жауынгерлік атыспен, дене және атыс дайындығы бойынша тестілеуден және кедергілер жолағынан өтті, жергілікті жерді түнгі бағдарлау және топография дағдыларын көрсетті. Байқауға қатысушылардың төзімділігі мен күшін 22 км және 7 метрлік ғимаратта (мұнара) жүгіру сынады. Сайыста жеңіске жету үшін әскери қызметшілерге көшбасшылық қасиеттері бойынша өз білімдерін көрсету маңызды болды. Аса айтулы кезеңдердің бірі мекенде операция жүргізу және ғимаратты тазалау кезеңі болды.  width= Қазақстандық сержанттар аталмыш сайыста жоғары дене даярлықтарын көрсетті. Сержант Ертілек Бекболатов, кедергі жолағын 2 минут 15 секундта өтіп Аризон штатында рекорд орнатты, бұл алдыңғы рекордтардан екі есе жылдамырақ. Сонымен қатар, ҚР ҚК әскери қызметшілері тактикалық дайындық (ғимаратты тазалау), жергілікті жерге бағдарлау, жақын қашықтықтағы атыс бойынша жарыс барысында жақсы тәжірибе алды.  width=   Сондай-ақ қатысушылар арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша тестілеу ерекше қызығушылық тудырды. АҚШ Қарулы Күштерінде сержанттық құрамға және жалпы әскери қызметшілерге дене шынықтыру дайындығы бойынша талаптар жауынгерлік іс- қимылдарды жүргізудің қазіргі заманауи іс-қимылдарға сүйене отырып ұсынылады.