Әнші Сәкен Майғазиев желі қолданушыларына отбасындағы оқиғаны айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі туған інісімен бірге түскен видео жариялап, оның атын кім қойғанын баяндады.
"Туған інім Тәкен. Анамыз сүт кенжесі Тәкенге жүкті кезінде әжем марқұм түсінде бөлтірік көріпті. Жақсыға жорып, әулетіме қасқыр мінезді, алғыр ұл келгелі тұр екен деп, есімін Қасқырбай деп қойыңдар депті. Әкеміз марқұм туу туралы куәлік алуға барғанда Сакенге серік болсын деп, атын әрі маған ұқсатып әрі Тәкен Әлімқұловтың құрметіне Тәкен деп жаздырыпты. (Әкем марқұмның үйдегі кітапханасы үлкен болатын. Әкем кітапты көп оқитын кісі еді). Содан әжем әкемнен сұрайды ғой, «Баланың есімін Қасқырбай деп қойдың ба?» деп. Әкем сонда «Сіз айтқан есімді ұмытып қалып, Сәкен балаңызға ұқсатып Тәкен деп жаздыра салдым» дегеніне бүк түсіп жатып қалып, ренжіген екен», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.