Жетісу облысында көлік қозғалысы қалпына келтіріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылғы 5 қаңтар сағат 14:00-де Жетісу облысында Үшарал-Достық автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.
Жол пайдаланушылардың назарына! Жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтауды естеріңізге саламыз! Жолдағы қауіпсіздік сіздердің әрекеттеріңізге байланысты!» – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.