Қадыр Мырза Әлінің туғанына – 90 жыл

Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды.

Белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген. 

Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Қадыр Мырзалиевтің өз өмірінде көрген алғашқы кітабы «Қырық батыр» деп аталады. Бұл қарапайым халық оқитын ауылдағы ең сүйікті кітап болды. 

Онда қазақ халқының аңыздары мен қиссалары, эпостар мен ертегілер жазылған. Қадыр Мырза Әлі ақын ретінде өшпес туындылар жазып қана қоймай, әлем әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. 

«Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында, Жазушылар одағында қызмет етті. «Парасат» және I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.