25 желтоқсанда Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан болатын.
Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен адамдар мемлекеттік наградамен марапатталды
Фото: gov.kz
941
оқылды

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі  Нұрдәулет Қилыбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай, осы апат кезінде көмек көрсеткен адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Байтөре Олжас Серікбайұлы — №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы,

Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы — №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,

Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы — №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,

Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,

Естемес Әлішер Нұржанұлы — «Қазавиақұтқару» АҚ әуекемесінің екінші пилоты,

Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуекемесінің командирі,

Құбайдуллаев Заманбек Мұратұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,

Оразбеков Оспан Жалғасынұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері «Ерлігі үшін» медальмен марапатталды.

Бұдан өзге «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының психологі Есен Жан Байкенқызы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.