Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров “Ынтымақтастық үшін” наградасына 10 азаматымызды лайық көріпті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Баку-Грозный бағыты бойынша бет алған "Әзербайжан авиакомпаниялары" ЖАҚ ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 2024 жылғы 25 желтоқсанда жүргізілген құтқару операциясына қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің тобы марапатталды", – делінген Әзербайжан ТЖМ таратқан ақпаратта.
Награда алған құтқарушылар:
- Сейталин Азамат
- Аминов Тимур
- Айдаров Қани
- Қараев Саясат
- Кенжеғалиев Мәжит
- Құлханов Әзімбек
- Күзембаев Ербол
- Меңдібаев Наурызбек
- Нұғыманов Ардақ
- Тлеубергенова Айман