Сарапшылар 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өсетінін түсіндірді.
Қай салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өсетіні белгілі болды
www.istockphoto.com
1,073
оқылды

2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жалақыны көтеру келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге әсер етеді:

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды, – деп хабарлайды министрлік. 

Мәселен, сарапшылар 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өсетінін түсіндірді.

Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақылар – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.