Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қызы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған университеттің үздік студенті атанған.
Субһаналлаһ: Алтынай Жорабаеваның қызына Пекиндегі атақты университет 650 мың теңге берген
20,173
оқылды

Өнер иесі қызы Аяулымның жетістіктерін әлеуметтік желідегі оқырмандарына қуана жеткізіп, сүйінші сұрады, – деп жазады Aykin.kz.

Әншінің айтуынша, оның қызы Бейжіңде Minzu University of China оқу орнында ерекше жетістіктерге жетіп жатыр.

«Субһаналлаһ Тағалам-ай. Тілекті орындай салатын, не деген Мейірімдісің! Аяулым 2024 жылы қыркүйек айында Пекиннің атақты Minzu University of China университетіне грантқа оқуға түсіп еді ғой. Аяулым өте жақсы оқығаны үшін тобының басшысы», – дейді әнші.

Белгілі болғандай, оған сабақты жақсы оқығаны үшін университет әкімшілігі 8 800 хумбо, теңгеге шаққанда 650 000 теңге берген.

«Міне, кеше өте жақсы хабар жетті: Өте жақсы оқығаны үшін университет 8 800 хумбо (650 000 теңге) «Пекин сыйақысын» беріпті! Тобында ең жақсы оқыған 1 адамға, яғни Аяулымға, сыртқы іс-шараларға жақсы араласқан 1 адамға. Әуелі Аллама, екінші Гүлсінайыма рахмет. «Аяулым өте ұқыпты, тиянақты, жақсы оқиды ғой, Қытайдың атақты университетіне жіберіңізші» деген бірауыз сөзі қандай керемет мүмкіндік сыйлады. Баршаңыздың балаларыңыз абыройлы, беделді, иманды, бақытты болсын», –  деді әнші.