Ел аумағы бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
9-11 қаңтар күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto
4,055
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 9-11 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғып, қар жауады. Ал батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағына Атлант және Арктикалық тектес ауа массалары бірін-бірі алмастыра отырып енеді.

Соған байланысты ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

  • елдің солтүстік жартысы: ауа температурасы -15°С-тан -25°C-қа дейін, түнде -10-18°C-қа дейін ауытқиды;
  • оңтүстік бөлігі: температура -10-нан -15°С-қа дейін өзгереді;
  • Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында: ауа температурасы -20°С-тан -25°С-қа дейін ауытқиды, түнде -5-13°С-қа дейін, таулы аймақтарда -16°С-тан -21°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Еліміздің батыс аймағында ғана ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді.

Сондай-ақ, ел аумағы бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.