Президентіміз өткен жылды қорытындылап, қоғамды толғандыратын барлық сұрақтарға ашық түрде жауап берді.
Идеологиялық бағыттағы жұмыстарды іске асыруда партияның ықпалы зор – Нұржан Әбдікәрімов
174
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде жарияланған кең көлемді мақаласына «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Әбдікәрімовтің пікірі.

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне екі жыл қатарынан сұхбат беріп келеді. Жылдың басында жарық көрген мақаласын толық оқып шықтым.

Мақалада Жаңа Қазақстанның көрінісі мен жаңа саяси дәстүрді қалыптастырды десем де артық айтпаспын. Яғни, Президентіміз өткен жылды қорытындылап, қоғамды толғандыратын барлық сұрақтарға ашық түрде жауап берді. Бұл ретте, жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында саясат пен экономиканың стратегиялық мәселелеріне баса назар аударса, ал сұхбатта көбіне әлеуметтік, идеологиялық сипаттағы мәселелерін көбірек қозғады. 

Қоғам саясаттан тым алыс емес. Оған біз, яғни партия – қоғамдық ұйым ретінде мемлекет пен қоғамның байланысына жіті мән беріп, тығыз қарым-қатынас орнатып келеміз. Осындай деңгейдегі сұхбат арқылы жұртшылыққа мемлекеттік саясаттың бағыттары туралы нақты түсініктер қалыптасып, сонымен қатар оның бірізділігі мен ашықтығына деген сенім нығаюда. Бұл бағытта партияластарымыз да Президенттің ашық диалог қағидаттарын қолдайтындықтарын барынша жеткізуде. 

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру Үкіметтің басты міндеті болып саналады және де Президент одан нақты нәтижелерге қол жеткізуді талап етеді. Ал қоғамның күші болып саналатын, идеологиялық бағыттағы жұмыстарды іске асырушы ретінде партияның да ықпалы зор. 

Экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды қарқынды жаңғырту, жаңа сапалы жұмыс орындарын құру – осының барлығы мемлекеттік күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер биліктің партиясы  арқылы жүзеге асып жатыр. Оған 2023-2027 жылдарға арналған “Халықпен бірге!” Сайлауалды бағдарламасының орындалып жатқандығы кепілдік етеді. Сондай-ақ, Президент Үкімет жұмысының тиімділігі үшін бірлесіп оң нәтижеге жұмыс атқару қажет екенін ерекше атап өтті. Мысалы, инфрақұрылым бойынша соңғы жылдары 7 мың километрге жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынған және қайта қалпына келтірілді, бұл дегеніміз көлік инфрақұрылымын дамытуға, логистиканы, өңірлер арасындағы байланысты айтарлықтай жақсартуға үлесін қосуда. Бұл жолдағы азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттырары сөзсіз. 

2023 жылы Мемлекет басшысының негізгі әлеуметтік бастамаларының бірі – «Балаларға арналған ұлттық қор» бірегей бағдарламасы іс жүзінде орындалды, яғни 18-ге толмаған әр баланың шотындағы қаражат оған дәлел.

Ағымдағы жылы білім беру саласында серпіліс болатындығын сөз етті Мемлекет басшысы. Статистикаға сүйенсек республика бойынша 500 мыңға жуық оқушыға арналған 200-ден аса жаңа жайлы мектептің құрылысы жоспарланған. Бұл ретте де ауқымды жобаны іске асыру үшін “AMANAT”  партиясының еңбегін атап өткен жөн. Өңіріміз бойынша 5 жайлы мектептің салынуы заманауи тұрғыда білім алып, оқыту мәселесін шешуге, сондай-ақ орын тапшылығын жоюға мүмкіндік беретіні сөзсіз. 

Қазақстанның әлемдік аренадағы стратегиялық рөліне назар аударылады. Мемлекет басшысы ішкі саясат Қазақстанның тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ, халықаралық саясаттағы жетістіктер мен шет мемлекеттермен көпжылдық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. 

Мемлекетіміздің игілігі үшін жастарды қолдау маңызды. Жастар Қазақстанның болашағын айқындайтын шешуші рөл атқарады, сондықтан мемлекет өскелең ұрпақты шынайы патриоттық, жоғары мәдениет пен жасампаздық рухында тәрбиелеуге басымдық беріп отыр. 

Биылғы жылды Президент жұмысшы мамандықтарының жылы деп атады. Кәсіби өсу үшін қолайлы жағдайлар жасап, бәсекеге қабілетті, жаңашыл, сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Отандық бизнесті қазақ тілді аудиторияға арнап тіл саясатының тиімділігін көрсетті. Алысқа кетпей-ақ, облысымыздағы ақпараттық сайттар қазақ тілді контентті қалыптастырып, «Жасанды интеллектті» дамыту бойынша сұранысты орындап отыр. 

Әрбір қазақстандық үшін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған маңызды қадам – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы айтты. Бұл бағдарлама Президенттің бастамасымен республика көлемінде жүзеге асты. Облыс көлемінде де партияластар арасында «Таза Бейсенбі» акциясы кеңінен қолдау тапқанын атап өткен жөн. Акцияға барлық деңгейдегі депутаттар, «Жастар рухы» ЖҚ мүшелері, жалпы 30 мыңға жуық партия белсенділері жасақталып, бүгінгі күні 90 мыңнан аса тонна қоқыс жинап, 20 тоннаға жуық қар тазалады. Аталған акция әлі күнге дейін жалғасын тауып отыр. 

АЭС құрылысы бойынша жобаны іске асыру бойынша әр өңірде штаб  құрылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. АЭС салуды қолдау туралы жалпыхалықтық референдум өтіп ел болашағы үшін стратегиялық маңызды шешімдер қабылданды. 

Бұл сұхбат Мемлекет басшысының ашықтық пен есеп беру қағидаттарын нығайтудағы ұстанымын білдіреді. Мұндай тәсіл азаматтармен тиімді диалогты қалыптастыруға, олардың мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы туралы кең хабардар болуын және соның нәтижесінде мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді.