Әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Атыраулық әйел 8-қабаттан секіріп, көз жұмды
Фото: atyrauoil.official
953
оқылды

Атырауда 45 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 9 қаңтар күні болған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. 

– Күндізгі сағат 11.00 шамасында 1979 жылғы әйел Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты үйдің бірінің 8-қабатынан құлаған. Қазір әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Әйелдің тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себебі тергеу кезінде анықталады.