Қазақстанда жаңадан коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ - Министрлік
Қазақстанда жаңадан коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ - Министрлік
© Сурет ғаламтордан
188
оқылды
Қазақстанда коронавирустың жаңа оқиғалары тәулік ішінде тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді.
"Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталған жоқ. Ауырғандар саны - 4 адам. Олар дәрігерлерді қатаң бақылауда, карантинде жатыр. Олармен байланысқан азаматтар анықталып, бақылауға алынды", - делінген комитеттің Telegram-дағы арнасында.
Ведомство өкілдері республикада COVID-19 алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар толық көлемде жалғасатынын атап өтті. Еске салайық, қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.