Қостанай мектептерінде бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Оқушылардың онлайн форматқа көшірілгені туралы ақпаратты қалалық Білім басқармасы таратты.
Ведомствоның мәліметінше, оқушыларды қашықтан оқуға ауысуына өңірдегі ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Қазір қалада боран соғып тұр.
Сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарындағы мектептерде сабақ болмайтын болды.