Ол қазақтың алғашқы ханынан бастап, соңғы ханына дейінгі тарихты қағаз бетіне түсірді. Алматыдағы Ұлттық кітапхана мерейтойға орай көрме ұйымдастырып, оқырмандарды жазушының мұрасымен таныстырды.
Ілияс Есенберлин мұрасы – қазақ әдебиеті мен тарихы үшін алтыннан қымбат қазына. Жазушының қаламынан шыққан шоқтығы биік «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» тарихи трилогиялары оқырманға етене таныс. Оның «Қауіпті өткел», «Ғашықтар» романдарын да оқырман сүйіп оқиды. Ұлттық кітапхана қаламгердің шығармаларын үнемі дәріптеп отырады.
«Ұлттық әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ілияс Есенберлиннің шығармалары жастарға рухани азық екенін анық. Сондықтан қаламгердің өмірі мен шығармалары үнемі айтылып тұру керек», – дейді зерттеушілер.