4-сынып оқушысы, 10 жастағы Кәрім Дүйсеков оқушылар арасындағы дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарысқа ондаған елдің өкілі қатысса, Қазақстаннан 15 білім алушы барды. Айта кету керек, Кәрім – жарыстың ең жас қатысушысы.
Сайыста Natural Science категориясы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен келген 4-8-сынып оқушылары бақ сынады. Ол қарсыластарынан озып, бірінші орын алды. Осылайша, Қазақстанға алтын медаль сыйлады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.