Актер сол сәттегі сезімді, қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін жеткізді.
«Әкемді құшақтап, тоқтамай жыладым»: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/ askarzhumabeqov
1,349
оқылды

Жақында түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек ата-анасымен, туған-туыстарымен қауышқан сәттегі сезімі жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актер сол сәттегі сезімді, қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін жеткізді.

«Жеттім-ау деп, ата-анамды армансыз құшақтадым. 15-20 минуттай тоқтамай көзден жас ақты. Әкем де түсінді, жылап алсын деген шығар. Далаға қарап жаттым да, үйге жеткенше әкем екеуміз қол ұстасып келдік. Одан кейін үйден анам шықты, әпкем, інім шықты. Жаман қатты сағынған екен. Жүгіріп келіп секіріп, үстімнен түспей қойды. ...Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны сезініп көру керек шығар. Бірақ сол сезімді көрмей-ақ та қойыңдаршы. Керісінше, қазір әке-шешеміз бар кезде барынша қадірлеп, сыйлап, сол кісілерді қуантып, жыласа, тек қана қуаныштан жыласа екен деймін”, – деді актер Асқар Жұмабек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аскар Жумабек (@askarzhumabeqov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.